Германиядағы жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: қазақстандық биатлоншылар спринтте өнер көрсетті
Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Арберде (Германия) биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлемдік біріншілік аясында бозбалалар мен жасөспірімдер арасында спринт жарысы ұйымдастырылды.
Бозбалалар арасында Кирилл Зотов 23-орын алды. Егор Немцев 49-орынға тұрақтаса, Евгений Полторанин 59-орыннан көрінді. Ал Никита Дудченко 75-орынға ие болды.
Жасөспірімдер арасында Захар Шкарин 39-орында мәреге жетті. Антон Редькин 59-орын алды. Ал Эрик Шефер 78-орынға жайғасса, Богдан Авизов 84-орынға тұрақтады.
Бүгін, 4 наурызда осы дисциплинада қыздар жарыс жолына шығады.
Бұған дейін Қазақстан спортшысы еспелі слаломнан Таиландтағы турнирде қола медаль еншілегенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript