Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті

Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 18:46 Сурет: olympic.kz
Францияның Анси-ле-Гран-Борнан қаласында биатлоннан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс аясында әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринтте спортшылар екі атыс шебінен өтті.

Жеңіс Швеция өкілі Ханна Эбергке бұйырды. Екінші орынды Франция спортшысы Лу Жанмонно иеленсе, Италия құрамасының өкілі Доротея Вирер үшінші нәтиже көрсетті.

Қазақстан құрамасының спортшылары із кесу жарысына жолдама берілетін алғашқы 60 биатлоншының қатарына ене алмады.

Нәтижесінде Милана Генева 83-орынға ие болды. Алина Скрипкина 91-орында, ал Дарья Климина 93-орында мәреге жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: