Бұл туралы неміс шахмат одағының (DSB) сайтына сілтеме жасап, РИА Новости хабарлайды.
Нью-Делидегі турнир кезеңі сенбіде басталуы керек еді. Бірақ жарыстың ұйымдастыру деңгейіне көңілі толмаған Қазақстан шахматшысы Жансая Әбдімәлік оған қатысудан бас тартты. Осыған байланысты ол жексенбіге ауыстырылды. Үндістанға келіп жеткенде шахматшыларды әуежайдан ешкім қарсы алмаған, трансфер берілмеген. Олар өз бетімен қонақүйге таксимен баруға мәжбүр болған, алайда шахматшылардың бөлмесі де дайын болмай шыққан. Басшылық жарысты қалған 11 ойыншының қатысуымен өткізу туралы шешім қабылдады.
Ал Петцке келетін болсақ, оған 11 ойыншыдан тұратын турнир форматының өзі ұнамаған. Өйткені ондай жағдайда партияларды дәстүрлі тәртіпте ақ және қара фигуралармен өткізе алмайды. Оның жарысқа қатысудан бас тарту туралы шешімін DSB да қолдап, ұйымдастырушыларға өз наразылығын білдірді.
Жексенбі күні турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, онда қазір 12 шахматшының орнына 10-ы қатысып жатыр. Яғни, Жансая Әбдімәліктен кейін неміс шахматшысы Элизабет Петц жарысқа қатысудан бас тартты.
Айта кетсек, Жансая Әбдімәлік Нью-Делидегі шахматтан өтіп жатқан Гран-при турниріне қатыспай, елге кері оралған. Оның бұл әрекетін тағы бір отандық шахматшы Бибісара Асаубаева сынға алды. FIDA наразылық білдірген шахматшылардан кешірім сұрады. Тек Жансаядан басқасы бұдан кейін жарысты жалғастыру туралы шешім қабылдаған еді.