Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері жалпыкомандалық есепте I-орын иеленді

Сурет: pixabay
Албанияда өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 7 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы медальдардың жалпы саны бойынша I-орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алтын медальдарды 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ерасыл Сәулебеков пен 102 келіге дейінгі салмақта Никита Әбдірахманов жеңіп алды. Екі спортшымыз да жұлқа және серпе көтеру қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетті.

Нұрдос Сабыр (89 келіге дейін) мен Таисия Алексеева (64 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

"Спортшыларымызды және барлық қазақстандық жанкүйерлерді осынау жетістікпен құттықтаймын. Біздің жас ауыр атлеттерге болашақта да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілеймін. Жаттықтырушыларға да ерекше алғыс айтамын. Себебі олардың еңбегінің арқасында отандық ауыр атлетика мектебі Қазақстанды жаңа чемпиондардың есімдерімен әлемге танытып жатыр", деп жазды Мәдениет және спорт министрі Асзат Оралов Facebook-тегі парақшасында.
Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті