Жанкүйер лақтырған оттықтан "Аякстың" жартылай қорғаушысының басы жарылды

Сурет: Twitter/AFCAjax
"Фейеноордпен" Голландия кубогының жартылай финалдық кездесуі кезінде стадион трибунасынан жанкүйерлердің бірі лақтырып жіберген оттықтан голландиялық "Аякс" клубының ойыншысы Дэви Классеннің басы жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жағдай ойынның 60-минутында команда капитандары Душан Тадич пен Оркун Кокчу арасындағы жанжал кезінде болды. Тіпті жанжал соңы төбелеске ұласа жаздады. Дауға екі команданың ойыншылары да араласа кетті. Сол кезде жанкүйерлер лақтырған заттардың ішіндегі оттық Классеннің басын жарақаттады. Мұны осы матчтың бейнежазбасынан көруге болады.
Осыған байланысты ойында жарты сағаттай үзіліс болды.

Күдікті жанкүйерді полицейлер ұстады. Матч көп ұзамай қайта жалғасты, "Аякс" 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жарақат алған Дэви Классен гол соқты.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды