Рыбакинаға US Open турниріне қатысудан бас тартуға кеңес берілді

Елена Рыбакина , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 10:14 Сурет: Instagram/lenarybakina
Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Янчук Қазақстанның екінші ракеткасы Елена Рыбакинаға осы маусымдағы АҚШ ашық чемпионатына қатыспауға кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Янчук "Чемпионат" тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық теннисшінің US Open турниріне қатысуын жалғастыруы қаншалықты қауіпті екенін айтты.

"Меніңше, тәуекелге барудың қажеті жоқ. Ең алдымен денсаулық пен алдағы жарыстарды ойлау керек. Бірнеше айдан кейін өтетін қорытынды турнирге дайындалып, қалпына келіп, тәуекелге бармаған жөн", – деді Янчук.

Бұған дейін Цинциннати турнирінде Елена Рыбакина ширек финалға дейін жеткен еді. Алайда жарақатына байланысты титул үшін күресті жалғастыра алмады. Ширек финалда қазақстандық спортшы Польша өкілі Ига Швёнтекпен кездесті. Кездесу Рыбакина үшін мерзімінен бұрын аяқталды. Денсаулығына байланысты ол бірінші партия кезінде жарысты жалғастырудан бас тартты.

АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңі 30 тамызда басталады. Турнир 13 қыркүйекте аяқталады. Жарыстың жүлде қоры 48 миллион 980 мың долларды (22,4 миллиард теңге) құрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: