Шавкат Рахмонов болатты балқытып, шойынды өз қолымен құйып көрді

Сурет: видеодан алынды
Қарағандыда әлем чемпионы, ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғап жүрген Шавкат Рахмонов металлургтермен кездесті. UFC-де қарсылас шақ келтірмей жүрген спортшы болаттың қайнауын, шойынның құйылуын өз көзімен көргісі келіпті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Домендік цех. Мыңдаған градус. Шавкат Рахмонов алғаш рет өз қолымен шойын сынамасын құйып отыр. Бұл да шаршы алаңда қарсыласпен бетпе-бет келгендей дейді ол. Себебі жоғары төзім, жылдам ойлау керек. Әйтпесе қауіп те, қатер де басым.  Мұнан соң компания жұмысшыларымен жастар спорт жұлдызымен кездесіп қолтаңба алды. Шавкат шағын қаланың өзінде осынша жанкүйері бар екеніне таң-тамаша болғанын жасырмады", деп хабарлайды "Хабар 24". 

"Анам бүгін бізге Шавкат келеді деген. Оны ести салып, еріп келдім. Чемпионды бетпе-бет көрген кезде қатты толқыдым. Себебі менде ММА-ға қатысып, ержесіз жекпе-жектен чемпион болғым келеді". Жас спортшы Вячеслав Слуханчев

Алып комбинатта істейтін мыңдаған жұмысшының арасында тәжірибелі спортшылар да бар. Компания басшылығы Шавкаттың келуі сол спортшыларға да күш-қуат береріне сенімді. Кездесу соңында комбинат өкілдері Шавкатқа арнайы медаль тақты.

Қарағанды өңірі Шавкат үшін бөтен емес. Ол ұзақ жыл осы жерде жұмыс істеп, алғашқы дайындықтарын жүргізген. 


Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды