Билли Джин Кинг: Юлия Путинцева Қазақстан құрамасына алғашқы жеңісті сыйлады

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Әлемнің 45-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогының әлем чемпионатына жолдама алу үшін өткен командалық кездесуде Қазақстан құрамасына алғашқы жеңісті сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада өтіп жатқан кубоктың алғашқы ойынында Юлия әлемнің 19-ракеткасы, польшалық теннисші Магда Линетті 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Путинцева бірінші сетте 0:4, 2:5 есебімен қарсыласынан артта келе жатып, үш сетте ойнап, камбэк жасады.

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы 

Енді екінші ойынында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Вероника Фальковскамен ойнайды. 

Еске салайық, Астанада алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчы өтіп жатыр. Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Польша командасына қарсы ойнайды. Бұл кездесудің жеңімпазы әлем чемпионатына жолдама алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды