Ел құрамасы садақ атудан Азия кубогында топ жарды
Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнир аясында Қазақстан ерлер құрамасы блоктық садақ атудан командалық сайыста жеңіске жетті.
Отандастарымыз финалда Бангладеш құрамасымен кездесіп, 230:224 есебімен басым түсті.
Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов, Ислам Серікұлы өнер көрсетті.
Айта кетейік, Азия кубогы 29 қазанда аяқталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript