Елена Рыбакина Вероника Фальковсканы жеңді

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының 2023 жылғы Қазақстан мен Польша арасындағы кездесуі аясында Вероника Фальковсканы жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші әлемнің 253-ракеткасын екі сетте, 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Бірінші ойын күнінен кейін қазақстандықтар 2:0 есебімен алға шықты.


Осылайша, Елена Рыбакина Қазақстан құрамасының әлем чемпионаты финалына шығу мүмкіндігін арттырды.

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Ертең, 15 сәуірге Елена Рыбакина мен Магда Линеттің, Юлия Путинцева мен Вероника Фальковсканың матчы жоспарланған. 

Айта кетейік, Астанада алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчы өтіп жатыр. Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Польша командасына қарсы ойнайды. Бұл кездесудің жеңімпазы әлем чемпионатына жолдама алады.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемнің 19-ракеткасы, польшалық теннисші Магда Линетті 7:5, 6:3 есебімен ұтқанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды