"Мұншалықты көп жауады деп күтпедім" - Рыбакина астанадағы қар туралы

Сурет: Zakon.kz
Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының екінші күні қалада қар жауып, күн суытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина астанда мұншалықты көп қар жауады деп күтпегенін айтты.

"Қыста, қар жауғанда турнирлер көп өте бермейді. Бүгін, әрине, қар жауады деп ойламадық. Кеше күн суыта бастады. Мұншалықты көп мөлшерде қар жауады деп күтпедім. Биылдыққа көп қар көрмеген де сияқтымын. Сондықтан қарды көруге мүмкіндік болғанының өзіне қуанамын".Елена Рыбакина

Еске салайық, Астанадағы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан - Польша матчында еліміздің бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина қарсыласын ұтты.

Осылайша, Қазақстан Польшамен матчта 3:0 есебімен алға шығып, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды