Олимпиада чемпионы Тори Боуи 32 жасында қайтыс болды

Сурет: wikimedia
Бұл ақпаратты 3 мамырда Icon Management және USA Track and Field өкілдері растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы нақта неден қайтыс болғаны хабарланған жоқ.

Тори Боуи ұзындыққа секіру, 100 және 200 метрге жүгіруден жарысқа қатысып, үш дүркін Олимпиада жүлдегері болды. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада АҚШ құрамасының эстафеталық командасының құрамында Тори мен оның командасы алтын алды. Сол жылы ол 100 метрде күміс, 200 метрде қола жүлдегер атанды.

2017 жылы Тори Боуи Лондонда өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында эстафетада да,100 метрге жүгіруден де алтын медаль жеңіп алды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады