Карина Горичева мен Алексей Чуркин ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жүлде алды

ауыр атлетика Сурет: instagram.com/wf_rk/
Оңтүстік Кореядағы Чинджу қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапындағы Карина Горичева мен Алексей Чуркин жүлдеге ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Алексей Чуркин (73 келі) жұлқа көтеруді 146 келімен бастап, 154 келі нәтижемен аяқтап кіші күміс жүлдеге иелік еткен. Екінші жаттығуда 186 келіні басынан асырғанымен артынша екі мәрте 191 келі салмақ оған бағынбай кетті. Егер де осы салмақты көтергенде ол Азия чемпионы атанар еді.

Қоссайыс қортындысы бойынша еншісіне 340 келі салмақты жазған Алексей Чуркин Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.



Тағы бір қазақстандық ауыратлет Карина Горичева 64 келі салмақта кіші күміс жүлдеге ие болды. 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева 2019 жылдан бері қарай халықаралық жарыстарға қатыспаған.

4 жылдық үзілістен кейін тәжірибелі спортшы 64 келі салмақта сынға түсіп отыр. Ол бірінші жаттығуда 85 келіні еңсеріп, артынша 90 келіге тапсырыс берген - көтере алмады. Одан кейін соңғы мүмкіндікте 91 келіні еншісіне жазды. Осылайша, жұлқа көтеруде ол кіші күміс жүлдеге ие болды. Серпе көтеруді өз бағындырып жүрген 95 келімен бастап оны көтерген болатын.

Екінші мүмкіндігінде 101 келіге тапсырыс беріп, барын салып, көтеріп, өзінің жеке көрсеткішінен асып түсті. Енді 106 келіні бағындырса, қола жүлде қолда еді, бірақ бұл салмақты кеудесіне дейін көтеріп еді, зілтемір ары қарай ырқына көнбей кетті. Қоссайсыс нәтижесінде 192 келімен бесінші орын алды.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2025 жылдың 1 мамырынан бастап жедел жәрдем қызметі қалай жұмыс істейді

"Бөдененің жұмыртқасындай". СҚО-да бұршақ жауды

Телефондағы деректердің ұрлануынан қалай қорғануға болады - үздік 3 кеңес

Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы