Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Сурет: Instagram/wf_rk
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында аяқталып жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық зілтемірші Нұрғиса Әділетұлы алты мүмкіндігінің алтауын да сәтті пайдаланып, бірде-бір қатеге жол бермей, үздік өнер көрсетті. 102 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен зілтеміршімізге тең келетін тура 400 келіні бағындырған ешкім болмады.

Әуелі Нұрғиса серпе көтеруде 181 келі салмақпен турнир қожайыны кореялық Йонхак Янгқа бар болғаны бір келіге есе жіберіп, екінші орын алды. Одан кейін Әділетұлы жұлқа көтеруде 219 келі зілтемірді көтеріп, ең мықты болды. Осылайша ол Азияның жаңа чемпионы атануға мүмкіндік алды.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы үшін бұл - турнирдегі ең жоғары деңгейдегі алғашқы медаль. Азия чемпионаты 13 мамырда аяқталады.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс