Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде бесінші орынға көтерілді

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде бесінші орынға көтерілді

Елена Рыбакина осы күндері Римдегі WTA 1000 турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Қазақстандық спортшы карьерасында алғаш рет Италия чемпионатының ширек финалына шықты, ал бұл оған WTA рейтингінде бесінші орынға көтерілуге ​​мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 15 мамырда Қазақстанның бірінші ракеткасы Римдегі турнирдің 1/8 финалында әлемнің 70-ракеткасы чехиялық Маркета Вондроушованы жеңді. 

Бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сетте қазақстандық теннисші 4:1 есебімен алға кеткенімен, чехиялық спортшы қайыра брейк жасады. Дегенмен Елена матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:3.

Бір сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 4 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 24-сатыдағы хорватиялық Донна Векичтің біреуімен кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды