Қазақстандық 10 боксшы Futures Cup турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық 10 боксшы Futures Cup турнирінің жартылай финалына жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2026 23:51 Сурет: olympic.kz
Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан жастар арасында Futures Cup турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнир аясында он отандасымыз финалға шығу үшін бақ сынайды.

Атап айтқанда, Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) жартылай финалға өтті.

Әйелдер арасында Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Камила Оспанова (70 келіге дейін), Зарина Толыбай (75 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін) жартылай финалда жұдырықтасады.

Айта кетейік, Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) жартылай финалда Калеб Стюарт Рейдті (АҚШ) жеңіп, финалға шықты.

Жартылай финалдық бәсекелер 14 наурызда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: