Елена Рыбакина – әлемнің екінші ракеткасы
Сурет: ktf.kz
Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінің жартылай финалына шығуының арқасында Елена WTA-ның лайв-рейтингінде 2-орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми түрде бұл мәртебе келесі аптадан бастап бекітіледі.
Ширек финалда Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы (№5 WTA) 6:1, 7:6 есебімен тізе бүктірді. Ал Ига Швентек Элина Свитолинадан жеңіліп, рейтингте үшінші орынға сырғыды.
Енді Елена финалға жолдама алу үшін дәл осы Свитолинамен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript