Осылайша, "Үлкен дулыға" турнирінің 22 дүркін чемпионы Рафаэль Надаль карьерасын 2024 жылға дейін тоқтатады.
"Мен "Ролан Гарроста" ойнай алмаймын. Кейінгі бірнеше айда мен күнделікті үзіліссіз жаттықтым, бірақ Аустралияда кезіккен мәселенің шешімін таба алмадым. Парижде өзім қалағандай үздік ойын көрсетуге дайын емеспін. Кейінгі жылдар нәтиже жағынан өте жақсы болды, бірнеше "Үлкен дулығада" және маңызды турнирлерде жеңіске жеттім, бірақ жаттығулар мен турнирлерден өзім қалағанды ала алмадым. Физикалық проблемаларға байланысты жиі үзіліс жасадым, жаттығудың бәрін ауырсынып орындадым, сол себепті мен үзіліс жасаймын". Рафаэль Надаль
Ол сонымен бірге қашан кортқа оралатынын білмейтінін айтты.
"Мақсатым - келесі маусымнан ләззат алу, бұл менің ATP турындағы соңғы маусым болуы мүмкін. Мен үшін маңызды турнирдің бәрінен бас тартқым келеді. Ойнап қана қоймай, жеңістен ләззат алғым келеді, бірақ әзірше бұл мүмкін болмай тұр. Үзіліс алсам, келер жылы менде мұндай мүмкіндік болады деп ойлаймын. Рафаэль Надаль
3 маусымда Рафаэль Надаль 37 жасқа толады, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы (карьерасында 209 апта). Ол 22 рет "Үлкен дулыға" турнирінде, оның ішінде 14 рет "Ролан Гаррос" титулын жеңіп алды.