Қазақстан әйелдер құрамасының теннистен әлем чемпионатындағы қарсыластары кімдер

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Бүгін, 24 мамырда Лондонда "Билли Жин Кинг" кубогының финалдық кезеңінің топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы "В" тобына түсіп, "Билли Жин Кинг" кубогын 7 рет жеңіп алған Аустралиямен ойнайды. Сонымен бірге бұл топта Словения да бар.

Сурет: Billie Jean King Cup

Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы сәуір айында әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Польша құрамасын жеңіп, тарихта екінші рет әлем чемпионатына жолдама алған еді.

Finals of the 2023 Billie Jean King Cup by Gainbridge 7-12 қараша аралығында Севильяда (Испания) өтеді. Әлем чемпионатына Қазақстаннан басқа тағы 11 команда қатысады: Швейцария (2022 жылғы Билли Жин Кинг кубогының жеңімпазы), Аустралия (2022 жылғы Билли Жин Кинг кубогының финалисі), Франция, Канада, Чехия, Италия, АҚШ , Испания, Словения , Германия және Польша (уайлд-кард иегері).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді