Эмиль Ахмеджанов спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Сурет: instagram.com/drs_kz/
Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge cup сериясы аясындағы Әлем кубогының бірінші кезеңінің финалдық сайыстары өтіп жатыр.

Эмиль Ахмеджанов еркін жаттығуда 13.800 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңінің қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Мықтылар көшін 14.366 ұпаймен болгариялық гимнаст бастады. Ал екінші орынға 14.833 көрсеткішпен Мажарстан спортшысы жайғасты.

Айта кетейік, бұл - Эмиль Ахмеджановтың ересектер арасындағы алғашқы жетістігі. Жарысқа 22 елден 150 спортшы қатысып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз