Калинская Рыбакинамен ойнаған матчта алған жарақатынан cоң "Ролан Гарросқа" қатыспайтын болды

Сурет: instagram.com/annakalinskaya78/
Ресейлік теннисші Анна Калинская "Ралон Гаррос" турниріне қатыспайтын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Бәріңізге сәлем! Өкінішке қарай, Римдегі матчтан кейінгі тексерулерімнің нәтижесі көңіл көншітпейді. Маған бірнеше апта кортқа шығуға болмайды. Өте өкінішті... Жуырда көрісеміз деп үміттенемін", - деп жазды ол.

Еске салайық, Анна Калинская Италияның астанасы Римдегі WTA 1000 турнирінің үшінші раундында Елена Рыбакинамен ойнаған еді. Ресейлік теннисші осы матчта аяғын жарақаттап алды. Ал Елена Рыбакина финалға дейін жетіп, осы турнирдің жеңімпазы атанды. Ол осы жеңісінен кейін әлемнің 4-ракеткасы атанды.

Айта кетейік, Римдегі турнирде Елена Рыбакинамен ойнаған тағы екі теннисші жарақат алып, турнирден шығып қалды. Оның бірі - әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швентек, тағы бірі - украиналық теннисші Ангелина Калинина финалдағы кездесуде екінші сет басталған кезде ойынды жалғастырудан бас тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік