Бокстан экс-чемпион өзіне IBF-дің тарту еткен сыйлығын көрсетіп мақтанды

Сурет: Instagram/murodjon_akhmadaliev
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) екінші жеңіл салмақтағы IBF және WBA нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Муроджон Ахмадалиевке (11-1, 8 КО) чемпион сақинасын тарту етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сүйінші хабармен 28 жастағы өзбекстандық боксшы Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Ахмадалиев қолына салған балдақ сақинаның суретін де жариялап, оны жақыннан көрсетті.

"Алхамдулилла, маған осы чемпионның балдақ сақинасын тарту еткені үшін IBF-ке алғыс айтамын! Үш дүркін титулды сәтті қорғадым. Ин Ша Алла, көп ұзамай атақтарымды қайтарып аламын. Әрдайым маған қолдау білдіруші командама рақмет! Біз жаңа жетістіктерге ұмтылатын боламыз", - деп жазды боксшы әлеуметтік желіде.

Айта кетсек, Муроджон Ахмадалиев 2023 жылдың 8 сәуірінде филиппиндік Марлон Тапалестен жеңіліп, чемпион атағынан айырылған болатын. 

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды