Батуттағы гимнастикадан Нидерландтағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құраманың тізімі

Батуттағы гимнастикадан Нидерландтағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құраманың тізімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2026 21:58 Сурет: olympic.kz
Алкмар қаласында (Нидерланд) батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батутта секіру сайысында Қазақстан құрамасы сапында үш спортшы өнер көрсетеді. Құрамаға Роман Барков, Никита Тумаков және Ерлан Тасмағамбетов енді.

Әлем кубогының кезеңі 12-13 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетейік, Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Роман Барков сегізінші орын алған еді.

Ал синхронды секіру бағдарламасында Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов бесінші орынға тұрақтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: