Қазақстандық регбишілер Голландияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті

Сурет: Instagram/drs_kz
Регбиден Қазақстанның әйелдер құрамасы Нидерланды астанасында өткен Amsterdam Sevens халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық әйелдер құрамасы барлығы 7 ойын өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Жеңілген командалар тізімінде Латвия мен Нидерландының жоғарғы дивизионының клубтары бар. Айта кетейік, өткен жылы да қыздарымыз бұл жарыстара кіл мықтының қатарынан көрінді, ол жолы кейін финалда Польша құрамасын 12:7 есебімен ұтқан болатын.

Сондай-ақ 2019 жылы бұл турнирдің финалында "Алматы" клубы Аустралияның "Рэндвик" командасын 14:12 есебімен ұтқан еді.

Сурет: Instagram/drs_kz

Amsterdam Sevens – 50 жылдық тарихы бар Еуропадағы ең беделді турнирлердің бірі, алғашқы турнир 1972 жылы өткен. Жарыстың ерекшелігі – ұлттық құрамалармен кез келген кәсіпқой клуб қатыса алады. Әр команда кемінде 5 ойын өткізеді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді