Ұлттық құраманың 2024 жылғы Олимпиадаға арналған киімін отандық дизайнерлер тігеді

Сурет: olympics.com
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының формасын отандық дизайнерлер әзірлеп, тігетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Еуразия» бірінші арнасының хабарлауынша, Бейжіңдегі қысқы ойындарға арналған киім үлгісін ресейлік өндіруші таныстырған еді. Биыл қазақстандық дизайнерлер болады. Олардың арасында үздік тұжырымдамаға байқау өткізіледі.

"Неге үздік киім үлгісі байқауын Қазақстан дизайнерлері арасында ұйымдастырмасқа? Осының барлығын "шығармашылық" аясында жасау өте қызық емес пе? Сондықтан біз қазір қосымшаны, конкурстың шарттарын әзірлеп жатырмыз. Біз қысқы Олимпиада формасын ұсынғанда ол үздік деп танылды. Дәл соны қайталай аламыз, тіпті одан да асып түсеміз деп ойлаймын".Айгүл Бектенова

Үздік дизайнға байқау 14 маусымда жарияланды.

Айтпақшы, қазақстандық брейк-дансшылар мен скейтбордшыларға басқа форма тігіледі. Өйткені бұл спорт түрлері субмәдениеттен шыққан және өзіне тән ерекшеліктері бар. Комитет бұл спорт түрлері өкілдерінің тілектерін ескеруге уәде берді.

2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Франция астанасының басты көрікті жері Эйфель мұнарасына Олимпиада алауын орнатуды жоспарлап отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік