Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикодағы турнирдің финалына шыға алмады

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, әлемнің 256-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Пальмас дель Мардағы (Пуэрто-Рико) "Челленджер" турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейбіт Жұқаев жартылай финалда америкалық Майкл Чженмен (әлемнің 1118-ракеткасы) кездесіп, 6:3, 3:6, 6:7 есебімен ұтылды. Осылайша, қазақстандық теннисші турнирді аяқтады.

Бейбіт Жұқаев осы турнирдегі алдыңғы матчтарында жапониялық Юта Симизуді (242-орын) 6:3, 6:4, америкалық Эван Чжуды (340-орын) 4:6, 7:5, 6:2 және канадалық Лиам Дракслды (617-орын) - 6:4, 6:3 есебімен ұтқан еді.

Турнирдің жүлде қоры - 80 000 доллар.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін