Үш отандық спортшы дзюдодан Хорватияда өтіп жатқан Гран-при финалына шықты

Дзюдо, Ғалия Тынбаева, Нұрқанат Серікбаев, Аман Бақытжан, Хорватия, Гран-при, финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 20:36 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Ғалия Тынбаева, Нұрқанат Серікбаев және Аман Бақытжан Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-придің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалия Тынбаева 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Австрия өкілі Жаклин Спрингерден басым түсті.

Енді Ғалия Тынбаева финалда Италия өкілі Ассунта Скуттомен күреседі.

Сондай-ақ Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында италиялық Валерио Аккольиді жеңді. Осылайша отандасымыз ақтық сында бразилиялық Рональд Лимамен күш сынасады.

Ал жартылай финалда Давид Старкелді (Словения) жеңген Аман Бақытжан (60 келі) финалда қытайлық Тайбэй өкілі Ян Юн Вэймен белдеседі.

Осылайша үш қазақстандық дзюдошы Хорватияда өтіп жатқан Гран-при турнирінің алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы жазғы жасөспірімдер Олимпиадасын сегіз медальмен аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: