Дзюдодан үш спортшымыз Гран-при турнирінің финалына шықты

Дзюдо, Хорватия, Гран-при, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 18:47 Сурет: ҰОК
Дзюдодан Қазақстан командасының үш өкілі Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-при турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комиетінің мәліметінше, 13 қыркүйекте татамиге шыққан үш қазақстандық дзюдошы да финалға жолдама алды. 

Жартылай финалдық бәсекеде Шерзод Давлатов (60 келі) франциялық Энцо Джинді, Ғалия Тынбаева (48 келі) венгриялық Ребека Косщегименді, Жанарыс Рахметқали (66 келі) грузиядық Тенго Зиракашвилиді жеңді. 

Финалдық кездесулер бүгін өтеді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: