Елдос Сметов Олимпиада ойындарының финалына шықты!

Елдос Сметов Олимпиада ойындарының финалына шықты!, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2024 20:18 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалда Елдос әлем әрі Еуропа чемпионы, испаниялық Франсиско Гарригосты ұтты.

Кездесу қосымша уақытқа дейін жалғасып, Сметов "иппон" ұпайымен жеңіске жетті. 

Финалда Елдос Сметов татами иесі, франциялық Лука Мхидземен белдеседі. 

Бұл ө Елдостың Олимпиада ойындарындағы екінші финалы. Бұған дейін ол Рио Олимпиадасында күміс медаль иеленген. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: