Александр Недовесов Ұлыбританиядағы жарыстың чемпионы атанды

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның ерлер құрамасының жұптық сындағы көшбасшысы Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Ұлыбританияда өткен турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қос теннисші америкалық-австралиялық дуэт - Роберт Гэллоуэй мен Джон Патрик Смитті үш сеттің екеуінде ұтып кетті. Есеп - 2:6, 7:5, 11:9. Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды.

Ойын барысында қазақстандық пен эквадорлық 5 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Олардың қарсыластары 3 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Недовесов үшін осы маусымдағы бұл - үшінші финалы. 18 маусымда Александр Эскобармен бірге Нидерландыда ATR 250 турнирінің чемпиондық атағы үшін таласты, ал сәуірде португалиялық Франциско Кабралмен бас қосқан қазақстандық Босния мен Герцеговинадағы ATR 250 турнирінің шешуші матчында жеңіліске ұшырады. 

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі