Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден өткен Әлем Кубогында күміс медаль иеленді

Сурет: instagram.com/faiss_rk
Францияның Шамони қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем Кубогыөз мәресіне жетті. Аталған жарыста отандасымыз Хайбуллин Ришат "Жылдамдық" санатында екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Альпинизм және құзға өрмелеу федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл санатта ерлер арасында 27 мемлекеттің 77 спортшысы қатысқан. Жарыстың алғашқы сәттерінде өрмелеуден спортшымыз 5,05 және 5,29 секунд нәтижені көрсетіп, 4-орынды иеленді. Осылайша ол финалға жолдама алды. 

Финалда отандық спортшы 15 метрлік биік қабырғаны тағы да 5,05 секундта өрмелеп шығып, Қазақстанның рекордын да жаңартты. Әлем рекорды 4,98 секунд болып табылады. Ең соңғы ойында Хайбуллин Ришат 5,01 секундты бағындырып, Индонезия спортшысынан тек 0,04 секундқа кешігіп қалды. Осылайша ол екінші орынға ие болды.

Жалпы Әлем Кубогына 30 мемлекеттің 129 спортшысы қатысты. Спорттық құзға өрмелеу серпінді дамып келе жатқан жас спорт түрі болып табылады. 

Ұлттық құрама сапында 93 спортшы бар, соңғы екі жылда спорттық құзға өрмелеумен айналасатын адамдар саны 1,7 есе өсіп, шамамен 5 280 адамға жетті.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді