Уимблдон: украиналық теннисші әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп кетті

Сурет: wimbledon.com
Украиналық теннисші Элина Свитолина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Үлкен дулыға" санатындағы Уимблдон турнирінің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек пен украиналық теннисші Элина Свитолина кездесті.

Свитолина Швентекті 7:5, 6:7 (5:7), 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына өтті.

Енді ол жартылай финалда чехиялық теннисші Маркета Вондроушовамен ойнайды. 

Еске салайық, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ертең, 12 шілдеді Астана уақытымен 18:30-да ширек финалдағы матчын өткізеді. Ол бұл кездесуде былтырғы Уимблдон финалындағы қарсыласы, тунистік теннисші Онс Жабермен ойнайды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады