Әсел Қанай каратэден Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық каратэші Әсел Қанай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ақтық сайысында сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандық спортшы 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Әсел финалда қытайлық Ли Гунмен өзара мықтыны анықтады. Жекпе-жек 8:2 есебімен қытайлық каратэшінің пайдасына аяқталды.
Осылайша, Әсел Қанай каратэден ұлттық құрама қоржынына алғашқы күміс медальді салды. Айта кетейік, бұған дейін каратэден Жоламан Биғабыл (55 келіге дейін) және Софья Берульцева (68 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript