Әсел Қанай Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

Азия ойындары, карате, қол жүлде, Азиада, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 15:16 Сурет: olympic.kz
Азия ойындарында каратеден спортшы қызымыз Әсел Қанай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Әсел қола медаль үшін жекпе-жекте ирандық татами шебері Атоуса Голшаднежадтан басым түсті. Қазақ каратэшісіне жеңіске жету үшін бір ғана ұпай жеткілікті болды.

Ұлттық құрама спортшысы іріктеуде Аднан Закияны (Малайзия), одан кейін Кристин Лиді (Филиппин), жартылай финалда Нгоан Тхи Нгуеннен айқасын асырды. Әсел былтыр Азия чемпионатында жекелей және командалық сында топ жарған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: