Каратэден Азия ойындарында ел намысын кімдер қорғайды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан каратэ федерациясы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бапкерлер штабының бекіткен тізіміне алты спортшы кірді.
Ерлер:
55 келіге дейін: Жоламан Биғабыл
67 келіге дейін: Олжас Алтынбек
75 келіге дейін: Нұрқанат Әжіқанов
Әйелдер:
55 келіге дейін: Бэлла Самашева
61 келіге дейін: Әсел Қанай
68 келіден жоғары: Софья Берульцева
Айта кетейік, жазғы Азия ойындарында каратэ бәсекелері 20-23 қыркүйек аралығында өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript