Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Тасжолдағы велоспорт, Жапония, Азия ойындары, Қазақстан, алтын медаль , Рината Сұлтанова, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2026 09:21 Сурет: olympic.kz/Владислав Семенов
Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшы жекелей уақытқа жарыста алтын медаль иеленді.

Отандасымыз жарыс жолын 36:23.72 уақытта бағындырды.

Екінші орын қытайлық Чжан Хаоға бұйырды. Ол Сұлтановадан 4,86 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Оңтүстік Корея спортшысы Шин Чиын жайғасты. Оның нәтижесі чемпионнан 32,42 секундқа төмен болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 2026 жылғы Азия ойындарының екі медалі бар. Бұған дейін Арлан Жаңабай ерлер арасында триатлоннан қола медаль жеңіп алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: