Софья Берульцева каратэден Азия чемпионы атанды

Сурет: instagram/drs_kz
Софья Берульцева Азия чемпионатының алғашқы күні ұлттық құрамаға алтын сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты басталды. Биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Оның ішінде 19 қазақстандық бар.

Ұлттық құрама каратэшілері чемпионатты сәтті бастады. Алғашқы күні кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (68 келіден жоғары) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Финалға шыққан тағы бір отандасымыз Дидар Әмірәлі қарсыласқа жол беріп, күміс медаль алды. 

Кумитеде Жоламан Биғабыл (55 келі), сондай-ақ ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева қола жүлдеге ие болды. Азия чемпионаты 23 шілдеде аяқталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін