Қазақстандық каратэшілер Малайзиядағы Азия чемпионатында көш бастап келеді

Сурет: instagram.com/drs_kz/
Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты өтіп жатыр. Екінші жарыс күні 6 қазақстандық татами шебері тұғыр сатысына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кумите бағдарламасында тəжірибелі Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) пен Қайсар Алпысбай (60 келі) əнұранымызды шырқатты. Ал Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) мен Гүлмира Үсенова (55 келі) финалда қарсыласқа есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Данияр Юлдашев (84 келі) пен Абылай Төлтай (84 келіден жоғары) өз салмағында қола медаль жеңіп алды. 

Қазір Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен жалпы есепте 1-орында келе жатыр. Одан кейін Иран мен Йордания тұр. Азия чемпионаты ертең мəресіне жетеді.

Биылғы бәсекеге барлығы құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды