Марк Цукерберг джиу-джитсудан көк белбеуге ие болды

Сурет: Instagram/zuck
Америкалық кәсіпкер Марк Цукерберг джиу-джитсудан белбеуді иеленді. Ол келешекте Илон Маскпен жекпе-жекке шығуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Цукерберг бұл жетістігі жайлы 23 шілде күні жариялады. Оны бразилиялық жекпе-жек өнеріне жаттықтырушы Дэйв Камарилло баулиды, жаттықтырушысы бесінші дан қара белбеуге ие болыпты.
"Жаттықтырушы Дэйв Камариллоны 5-дәрежелі қара белбеу алуымен құттықтаймын. Мен онымен бірге жаттығу арқылы күрес пен өмір туралы көп нәрсе білдім. Көк белбеуді иелену мен үшін мәртебе." Марк Цукерберг

Көк белбеу джиу-джитсуда екінші дәрежені білдіреді. Оны 16 жастан асқан, негізгі әдістерді меңгерген спортшы ала алады. Келесі күлгін түсті белбеуді алу үшін екі жыл күтуі керек. Ең жоғарғы дәреже - 10-деңгейдегі қызыл белбеу. Бразилиялық джиу-джитсудың негізі - күресу, ауыртатын және тұншықтыратын әдістер.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда