Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық, әлемнің 258-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші алдымен 18 жастағы мексикалық Лука Лемайтрені 7:6 (11:9), 6:4 есебімен ұтты.

Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында бүгін америкалық Киган Смитті бір сағатқа жетпейтін уақытта оңай жеңді – 6:3, 6:1. Осы бәсекеде ол 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Осылайша, Бейбіт Жұқаев негізгі турнирге жолдама алды.

Грекиялық Стефанос Циципас бірінші ракетка болып тіркелген Лос-Кабос жарысы 5 тамызда мәресіне жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды