"Тобыл" "Базельден" жеңіліп қалғанымен, Конференция лигасының келесі кезеңіне өтті

Сурет: fctobol.kz
Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында қостанайлық "Тобыл" Швейцарияның "Базель" командасымен қарымта ойын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Кездесуді швейцариялық команда белсенді бастады.

Нәтижесінде олардың қатарынан Антон Каде 26-минутта есеп ашса, Жан Кевин Огустен 32-минутта пенальтиден басымдықты арттырды.

Ойынның 43-минутында "Базель" қақпасына белгіленген пенальтиден Серж Дебле мүлт кеткен жоқ.

Осылайшағ "Тобыл" қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, алғашқы кездесуде қостанайлық клуб қарсыласынан 3:1 есебімен басым түскен еді.

Екі ойынның нәтижесімен қостанайлық клуб жарыстың үшінші сатысына жолдама алды.

Қостанайлық клуб жарыстың үшінші сатысында "Тобыл" 10 және 17 тамыз күндері "Дерри Сити" (Ирландия) және КуПС (Финляндия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады