Рыбакинаның Монреалдағы матчы жаңбырға байланысты кейінге шегерілді

Сурет: wtatennis.com
Монреальда толассыз жауған жаңбырға байланысты қазақстандық Елена Рыбакина мен ресейлік Людмила Самсонова арасындағы WTA 1000 турнирінің екінші жартылай финалы өтпей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирді ұйымдастырушылар матч жексенбі күні сағат 23:30-да өтетінін айтты.

Бұған дейін кездесу Астана уақытымен 04:00-де басталуы керек еді.

Бұл матчтың жеңімпазы финалда әлемнің 3-ракеткасы, америкалық теннисші Джессика Пегуламен кездеседі.

Ал Джессика Пегула Монреальдағы турнирдің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швитекті 6:2, 6:7(4), 6:4 ұтқан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды

Магистратура грантына кімдер таласа алады