France Football жариялаған "Алтын доп" сыйлығынан үміткерлердің тізіміне Роналду ілінбей қалыпты

Сурет: Twitter.com/Cristiano
Футболдан жылдың үздік ойыншысына берілетін "Алтын доп" сыйлығынан үміткерлердің тізімі жарияланды. "Әл-Насыр" командасының шабуылшысы, 38 жастағы португальдық жұлдыз Криштиану Роналду бұл тізімге енбепті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тізімде Лионель Месси, Килиан Мбаппе, сондай-ақ, мысалы, Сауд Арабиясының "әл-Хилял" командасы сапында өнер көрсетіп жүрген, марокколық қақпашы Яссин Боно да жүр. Ол бұл тізімге Сауд Арабиясы чемпионатынан ілінген жалғыз футболшысы болып табылады, деп хабарлайды Championat.com.

Роналду 2023 жылдың қаңтарында "Әл-Насырға" ауысқан болатын. Ойыншының клубпен арада жасаған келісімшарттының күші 2025 жылға дейін сақталады. Португалиялық Сауд Арабиясы құрамасында 24 матч өткізіп, 20 гол соғып, жеті нәтижелі пас бере біліпті.

Айта кетсек, "Алтын допты" тапсыру рәсімі 30 қазанда өтеді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды