АҚШ-тағы жеңісінен кейін Анна Данилина желіде алғаш рет жазба жариялады

Сурет: Instagram/_annadanilina_
Қазақстандық теннисші Анна Данилина корттағы фин серіктесі Харри Хелиёваараны US Open-2023 турнирінің миксте жеткен жеңісімен құттықтап, сондай-ақ соңғы бірнеше апта бойына өзіне қолдау білдірген баршаға алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін спортшы 11 қыркүйекте Instagram-дағы парақшасында алғаш рет жазба жариялады.

"АҚШ ашық чемпионатының аралас жұптық сынының чемпиондары!!! Харри Хелиёваараға соңғы екі апта бойына менімен бірге кортты бөлісіп, арманымды жүзеге асырғаны үшін рақмет. Соңғы бірнеше аптада және көптеген жыл бойы қолдау көрсетіп келе жатқан әрі жеңісім үшін бірге шаттанып, бірге тойлағандарыңыз үшін баршаңызға рақмет. Өздеріңізсіз бұл мүмкін емес еді!!!", деп жазады Анна Данилина.

2023 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина өзінің фин әріптесі Харри Хелиёваарамен бірге 2023 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Олар осы жарыстың бірінші нөмірлі әрі корт қожайындары Джессика Пегул мен Остин Крайчекті жеңді. Қазақстан-фин жұбы 1 сағат 15 минутта, екі сетте 6:3, 6:4 есебімен алға суырылып шықты. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді