Тоқаев шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын жүлдесімен құттықтады

Сурет: Instagram/drs_kz
Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын Польшада өткен командалық әлем чемпионатында күміс медаль ие болуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға.

Шахматтан Қазақстан құрамасын әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында тұңғыш рет күміс медальға ие болуымен құттықтаймын! Бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға. Байрақты бәсекеде қыздарымыз асқан шеберліктің және жеңіске деген шексіз ерік-жігердің озық үлгісін көрсетті. Сіздердің тамаша жетістіктеріңіз шахмат спортын жан-жақты дәріптеп, өскелең ұрпақтың оған деген қызығушылығын арттыра түсетіні анық. Мемлекет адамның ой-өрісін жетілдіретін бекзат өнерді дамытуға барынша қолдау көрсете береді. Еліміздегі кәсіби және әуесқой шахматшыларға тек жарқын жеңістер тілеймін! – деп жазды президент өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан шахматшылары 2023 жылғы командалық әлем чемпионатында бірнеше рекорд орнатты. 


Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді