Юлия Путинцева Осакадағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Сурет: ktf.kz
Юлия Путинцева Осакадағы турнирдің ширек финалындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол қытайлық Ван Синьюймен кездесіп, 6:7(4), 7:6(7), 3:6 есебімен жеңілді.

Осылайша, қазақстандық теннисші жекелей сындағы ойынын аяқтады. Есесіне, ол ресейлік Анна Калинскаямен бірге осы турнирдің финалына шықты. Олар жартылай финалда жапониялық теннисшілер Эри Ходзуми мен Макото Ниномиямен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:7(3:7), 7:6(7:1), 10:7 есебімен жеңіп кетті.

Енді олар финалда украиналық-германиялық жұп Надежда Киченок пен Анна-Лена Фридзаммен кездеседі. Матч 17 қыркүйекке жоспарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты