Дзюдодан Мағжан Шамшадин қола медаль иегері атанды

Сурет: olympic.kz
Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин тәжік спортшысы Мехрзод Суфиевті жеңіп, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы екінші жүлдесіне қол жеткізді.

"Мағжан өте мықты қарсыласпен жекпе-жекте нағыз мінез танытты. Мен оны шын жүректен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын. Бұл оның қанжығасындағы соңғы үлкен марапат емес екеніне сенімдімін", - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бұған дейін дзюдодан ерлер арасында Мағжан Шамшидин қола медальға таласатынын хабарлаған болатынбыз.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды