Дзюдодан ерлер арасында Мағжан Шамшадин қола медальға таласатын болды

Мағжан Шамшадин, Қытай, Азия ойындары, дзюдо, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2023 12:23 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында Оңтүстік Корея балуаны Харим Лиге жол беріп қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, енді жерлесіміз қола жүлде үшін Мехрзод Суфиевпен (Тәжікстан) белдеседі.

Алдында дзюдодан әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова финалға шыққанын, ол жапон балуаны Натсуми Тсунодомен алтын медаль үшін таласатынын хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: