Азия ойындарында Қазақстан Париж Олимпиадасының екінші лицензиясына қол жеткізді

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан сынға түскен Георгий Борода-Дудочкин Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы есеп бойынша ол 1411 ұпай жинап, оныншы болды.

"Ереже бойынша үздік бестікке кірген мемлекет жолдамаға иелік етеді. Георгий 10-шы болғанымен ол Жапония, Оңтүстік Корея мен Қытайдың бірнеше спортшысына есе жіберді. Бұл елден тек бір ғана адам лицензия ала алады. Тағы Қазақстан мен Таиланд атлеттеріне бір-бір жолдамадан бұйырды". ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл спорт түрінен жалпы есепте Қазақстан құрамасы - 4-сатыда.

Айта кетсек, Қазақстан спортшысы Елена Потапенко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-ші орын иеленіп, 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алғанын хабарлаған болатынбыз. 

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз