Сауль Альварес бокстан әлемнің абсолютті чемпионы атағын кезекті рет қорғап қалды

Сурет: Instagram/canelo
1 қазанда түнде Лас-Вегаста (АҚШ) бокстан әлемнің абсолютті қос чемпионы арасында алғаш рет жекпе-жек өтті. Мексикалық Сауль Канело Альварес (59-2-2, 39 KO) пен америкалық Джермелл Чарло (35-1-1, 19 KO) титулды бәске таласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекпе-жек 12 раунд бойына жалғасты және төрешілердің бірауызды шешімімен "Канелоның" пайдасына аяқталды. 7-ші раундта Канэло Чарлоны нокдаунға жіберді, бірақ ол тез есін жиып, жекпе-жек соңына дейін берілмеді.  

33 жастағы Сауль Альварес кәсіпқой рингте 60-шы рет (39 нокаут) жеңіске жетіп отыр. Оның мансабында екі жеңіліс, екі тең нәтиже тіркелген.

Джермелл Чарлоның еншісінде – 35 жеңіс (19 нокаут), екі жеңіліс, бір тең нәтиже бар.

Айта кетсек, Лас-Вегаста өткен осы бокс кешінде қазақстандық екі боксшы өнер көрсетті. Бек Нұрмағанбет (10-0, 8КО) нигериялық Абимбола Осундаироны (5-0, 3КО) нокаутпен жеңді. Ал Әбілхан Аманқұлдың (4-0-1, 4KO) америкалық Джошон Джеймспен (7-0-2, 4КО) кездесуі тең ұпаймен аяқталды.


АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз